Қазақстан бойынша жергілікті полиция 25 мың қызметкердің басын біріктіріп отыр, деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісіндегі үкіметтік сағатта.
«Жалпы, ел бойынша жергілікті полиция 25 мың қызметкердің басын қосып отыр. Бұл учаскелік инспекторлар қызметі – 7,5 мың бірлік, кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімшелер – 845 бірлік, мектеп инсепекторлары – 2168, жол-патрульдік - 11600 адам, табиғатты қорғау полициясы, әкімшілік тұтқындалғандарды қабылдау, мекен-жайы анықталмаған азаматарды бөлу бойынша қабылдаулар», - деді министр.
.Алдын алу саласында негізгі түйсік полициядағы учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілері болып саналады.
«Оларға тәртіпке салу және мекен жай бойынша әкімшілік учаскеге құқық бұзушылықты жеткізу міндеттері артылады. Полицияның учаскелік инспекторлары құқықбұзушылыққа бейім 160 мың адамға бақылау жүргізуді іске асырады», - декді Қ.Қасымов.
Айта кетейік, Қазақстанда жергілікті полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.