Астанада Мәжіліс Парламентінің экономикалық реформа және аймақтық даму бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігімен бірге көшпелі отырысы өтуде. Отырыс барысында ҚР Мәжіліс Парламентінің төраға орынбасары Владимир Божко әлем нарығында еліміздің көліктік-логистикалық құрылымы тауарды экспорттаудың жетекшісі болады деп мәлім етті.
Көшпелі жиналыстың басты тақырыбы Қазақстаннын экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші фактор болатын тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымын құру болды. Талқылау жұмысына ҚР Мәжіліс Паралемнтінің депутаттары, ҚР ИДМ өкілдері, Қаржы министрлігі, ҚТЖ, ҰКП және «Нұр Отан» партиясы қатысты.
«Көліктік-логистикалық құрылым әлем нарығында аймақтық елдер арасында тауарды экспорттаудың мағызды жетекшісі ретінде экономикалық байланыстарды іске асыратын негізгі құрал болмақ. Депутаттық корпус көліктік инфрақұрылымды дамытуда уақытылы өз қолдауын көрсетуге дайын»,-деді В.Божко.
Мәжіліс төрағасының орынбасары 2015 жылдың 27 қазан айында Парламентпен ҚР жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, транспортты логистикалық және авиа тасымалдау туралы қабылданған заңы келесі бағытты іске асыруға көмектеседі: жол-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту үшін бірыңғай операторларды құру стратегиялық зәкір инвесторларын тарту – бұл 58 қадам, Қазақстан интеграциясының халықаралық көлік және байланыс ағындарында – 65 қадам, халықаралық авиа-хабты құру – 66 қадам, «Air Astana» авиа тасымалдауды дамыту и «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы ірі халықарлық компания ретінде – бұл 67 қадамның тапсырмасы.