Қазақстанда 2019 жылдың соңына қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 40 пайызға өседі, деді Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пшембаев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясындағы индустриялды-инновациялық даму мәселесіне арналған брифинг барысында.
«Барлық ұмтылыстың шоғырлануы 2019 жылға таман өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 34-40 пайызға өсіреді. Экспорт тауарларының айналымын 2,5-4 млрд долларға жеткізеді, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестицияларды тартуды 8,6 трлн теңгеге жеткізуі керек», - дед ол.
Сондай-ақ, депутат Индустриалды-инновациялық саясат бойынша заңнамаларға енген өзгертулер мен толықтырулардың негізгі аспектілеріне тоқтап өтті.
Заң инвестиция саласында жақсы инвестициялық ахуал тудыру үшін заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен қойылған барлық мақсаттарды біз орындап жүрміз. Екінші бесжылдық күделі экономикалық жағдайда серпін берді, біз еліміз гүлденіп, шикізат экспортшысы мен экономикасы мықты ел болып қалыптасуы үшін тырысамыз», - деді ол.
Индира Кауметтова