Қазақстанда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін біріктіру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Біріктіру жұмысы мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Гүлжан Қарақұсова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
91-ші қадамын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап негізгі мақсатты көрсеткіштер енгізілген және олар Премьер-министр мен министр арасында, сонымен қатар әкімдер мен Президент Әкімшілігі арасында және мемлекеттік органнаың бірінші басшыларымен жасасқан меморандумға бекітілген. Мемлекет басшысымен Үкіметтің кешенді белсенділігін бағалау үшін 7 негізгі көрсеткіш бекітілген. Ол экономиканың өсімі мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
91-ші қадамды іске асыру аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
«Ұлт жоспарының 91-ші қадамы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгіздік, оның ішінде бастапқы және әкімшілік дерекетердің дұрыс және уақытылы респонденттік және әкімшілік көздердің жауапкершілігі күшейтілді. Сонымен қатар, әкімшілік Кодекске де жауапкершілік күшейтілді»,-деді депутат.
Г. Қарақұсованың айтуы бойынша, Мемлекет басшысы әрбір министрлік пен әрбір министр өздерінің есеп беруінде жасаған жұмыстарын айтып қана қоймай, керісінше, жасалған жұмысты нақты келтіріп, қызмет барысында экономикада қандай өзгерістердің болғандығын дәлелдей білуі керек деген.
«Статистикалық сенімділік талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, қазірден бастап мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйені біріктіру жұмыстары жасалуда. 21 ақпараттық жүйе қазірдін өзінде бірікті, ендігі күні 4-і қалды және оларды 1,5 жыл ішінде біріктіру керек. Аталмыш шаралар қызметті жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, ақпарат дәлдігін жақсартады және т.б»,-деді ол.