2016 жылдың шілде-тамызында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның азаматыық альянсы ел нарығының бәсекеге қабілеттілігінің сараптамасын дайындайды. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте ҚР Ұлттық экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Құсайынов айтты.

«АҚШ заңына сәйкес, федералды билік органдарының қызметін инвентаризациялау туралы қызметтер тек қана мемлекеттілік болып емес, жеке компаниялармен де жүзеге асырыла береді. Аталмыш жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылады. 97 қадамды жүзеге асыру мақсатында 30 қаңтарда Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға тапсыру бойынша комиссия құрылды», - деді вице-министр.

«Мемлекеттiк органдардың функцияларын түгендеу кезең-кезеңiмен жүргiзiледi. Бiрiншi кезеңде мемлекеттiк органдардың стратегиялық, реттеушi, жүзеге асырушы және бақылау функцияларына талдау жасалады. Бұл бәсекелес ортаға өткiзуге болатын функцияларды анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте әрбiр мемлекеттiк органның қызметiнiң негiзi болып табылатын стратегиялық функцияларды нарыққа беру қарастырылмайды. Сондай-ақ мемлекеттiк органдардың функциялары тұрақты және уақытша болып бөлiнетiн болады. Осы орайда мемлекеттiк органдардың уақытша функцияларын да бәсекелес ортаға беру қарастырылмайды», - дейді М.Құсайынов.
Бұдан бөлек, вице-министрдiң айтуынша, түгендеу кезiнде мемлекеттiк органдардың артық функцияларын анықтау көзделген. Ал осы жұмыстардың негiзiнде алдын ала тiзiм дайындалмақшы.
«Келесi қадам бәсекелес ортаның мемлекеттiк функцияларды қабылдауға дайындығын зерделеу болмақ. Бұл жұмыста негiзгi рөлдi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен Қазақстан азаматтық альянсы атқарады. Осыдан кейiн функцияларды нарыққа өткiзудiң амал-тәсiлi анықталады. Нақтырақ айтқанда бұл аутсорсинг, мемлекеттiк тапсырыс болуы мүмкiн, не болмаса, бұл жұмыс қызмет алушының есебiнен немесе өзiн-өзi реттеу арқылы iске асырылуы ықтимал», - дейдi ол.
Вице-министр мемлекеттiк органдардың функцияларын нарыққа өткiзу соңғысының дайындығына тiкелей байланысты болатынын ерекше атап өттi. Бұған қоса, мемлекеттiк функцияларды бизнеске беру кезiнде барлық тәуекелдер ескерiледі.
Айта кетейiк, жыл сайын мемлекеттiк органдар бәсекелес ортаға және өзiн-өзi реттеушi ұйымдарға берiлетiн функцияларға түгендеу жүргiзедi. Биылғы жылы бұл жұмыс мамырдың соңына дейiн жүргiзiледi. Осы және өзге де мәселелер реттелетiн тиiстi заң жобасын Ұлттық экономика министрлiгi шiлде айында таныстырады.