Осы айдың басынан бері data.egov.kz Ашық деректер порталында 100-ге жуық жаңа деректер жиынтығы жарияланды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.
Бұл ақпараттар Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік органдарымен жарияланды, атап айтқанда - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және де т.б.
Деректердің барлығы өзекті әрі алуан түрлі салаларды қамтиды. Мысалға, белгілі әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейi бойынша, асырап алынған жетім балалар туралы, асыл тұқымды ірі қара импорты жөнінде, бидай мен ұн экспорты хақында, ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша, мүлікті заңдастыру, туристік нысандар мен бағыттар бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи қорықтары жөнінде және де т.б мәліметтер боыйынша деректер қолжетімді болып табылады.
Порталда жарияланған деректер машина оқи алатын үлгіде бағдарламашылардың ақпаратты қолайлы қолдану мен олардың негізінде АТ-өнімдерін жасап шығару үшін және де Excel форматында барлық мүдделі тараптардың ақпаратпен танысуы үшін қамтамасыз етілген.
Жалпы алғанда, қазіргі таңда data.egov.kz порталында 450-ден астам ашық деректер жиынтығы қолжетімді.
Естеріңізге салсақ, осы айдың басында, Женевада өткен Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша дүниежүзілік жоғары деңгейдегі форумда (WSIS) «Ашық дерекетер» порталы мен Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңы WSIS Project Prize 2016 байқауының нәтижелері бойынша чемпион-жоба атақтарына ие болды. Бұл аса құрметті мәртебе «Ақпаратқа қолжетімділік» пен «Қолайлы жағдай жасау» санаттарында тағайындалған.
Ашық деректер Қазақстан Республикасының Ашық үкіметінің құрамдас бес бөліктерінің бірі болып табылады. Ашық деректердің енгізілуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бес институттық реформаны өткізуге арналған «100 Нақты Қадам» Ұлттық Жоспарының 94-ші қадамы аясында жүзеге асырылуда.

 

Акорда Парламент Премьер-Министр Стратегия 2050 Послание Президента
Left Arrow Right Arrow