Дүниежүзілік сауда ұйымын құру тарихы (бұдан ары қарай–ДСҰ) түп тамырымен Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңдеріне кетеді. 1940-шы жылдары әлемнің елдері арасында тауарларды сатуда кедергілерді көбейту, көп жақты сауда жүйесін құру қажеттілігін алдын ала анықтады.

Саудада кеден баждарының мөлшерлемелерін және басқа кедергілерін қысқарту мақсатында көп жақты сауда жүйесін ұйымдастыруды екі кезеңімен өткізуге жоспарланды:

1) Халықаралық сауда ұйымын құру (бұдан ары қарай – ХСҰ);

2) көп жақты келіссөздердің басталуы және кеден тарифтері мен сауда бойынша Бас келісімінде тарифтер бойынша міндеттемелерді өзгерту (бұдан ары қарай – ГАТТ). Дегенмен ХСҰ құру ойы табысты аяқталған жоқ. ГАТТ Келісіміне өзгерістер енгізілді, бірақ ХСҰ ұйымдастырылған жоқ.

Сүйтіп, ГАТТ бастапқыда ХСҰ жүктелген қызметтерді өзіне алып, де-факто халықаралық ұйымы деп танылды. Ресми түрде ГАТТ, қатысушы-елдер арасында тауарларды сатуды реттеу үшін ережелері мен міндеттемелері мазмұндалған, 1947 жылы 23 елдерімен қол қойылған халықаралық шарты болып табылатын. Сонымен ХСҰ жөніндегі Уақытша комиссия өзінің әрекетін ГАТТ Хатшылығы ретінде жүзеге асырды. Дүниежүзілік сауда ұйымын құруға дейін ГАТТ бірқатар сауда келіссөздері мен раундтарды өткізу арқылы көп жақты сауда жүйесін әзірлеп, 47 жыл тұрды. Егер бастапқы келіссөздер тауарларды сатуда тарифтерді қысқартуға арналған болса, онда келесі келіссөздер демпингке қарсы және тарифтік емес шараларын енгізетін болды.

1947 жылдан бастап 1994 жылдарға дейін Кеден тарифтері мен сауда бойынша Бас келісімнің шеңберінде, сауданың әртүрлі аспектілеріне арналған келіссөздердің сегіз раундтары өткізілген.


Раундтар
ГАТТ келіссөздері:    
Жыл

Өткізетін жері /

Раундтың атауы

Келіссөздер тақырыбы

Елдер саны

1947 Женева, Швейцария ГАТТ құру және 45 мың тарифтік шектеулерді тарату 23
1949 Аннеси, Франция 5 мың тарифтер бойынша өзара шегінімдер 33
1951 Торки, Англия Тарифтер 38
1956 Женева, Швейцария Тарифтер 26
1960-1961 Женева, Швейцария / Диллон раунды Тарифтер 26
1964-1967 Женева, Швейцария / Кеннеди раунды Тарифтер және демпингке қарсы шаралар    62
1973-1979 Женева, Швейцария / Токио раунды Тарифтер, тарифтік емес шаралар, «шекті» келісімдер және арнайы қорғау шараларын енгізу 102
1986-1994 Женева, Швейцария / Уругвай раунды Тарифтер, тарифтік емес шаралар, қызметтерді және зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілерін сату, дауларды шешу, тоқыма бұйымдары мен ауыл шаруашылық өнімдерін импорттау және экспорттау және ДСҰ құру 123

 

Уругвай раунды сауда келіссөздердің сегізінші және соңғы раунды болды, оны өткізу ГАТТ қатысушы-елдерінде жеті жарым жыл алды.

Уругвай раундтың келіссөздерін аяқтайтын болған, 1990 жылғы желтоқсан айында Брюссель қаласындағы (Бельгиядағы) Министрлік конференциясы барысында, министрлерге ауыл шаруашылық өнімдерін сату саласында реформаның әдістері туралы келіскен жоқ және келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылданғаны түсінікті болды.

«Қорытынды актінің» жобасы Женева қаласында 1991 жылы ұсынған болатын. Келіссөздерді аяқтау және осы құжатты қабылдау негізінен АҚШ және Еуропалық қоғамдастығы елдері арасында дауларды шешуге байланысты болды. 1992 жылы Вашингтонда АҚШ және ЕҚ елдері көбінесе ауыл шаруашылық тауарлары бойынша даулы мәселелерді шешті және «Блейерхаус келісіміне» қол қойды. 1993 жылғы ортасында АҚШ, ЕҚ, Жапония және Канада тарифтер және тауарлар мен қызметтер нарығына рұқсат алу бойынша маңызды прогреске қол жеткізді. Оның нәтижесінде, 1993 жылғы желтоқсан айында Уругвай раунды келіссөздерінің шеңберіндегі барлық келіссөздер ресми аяқталған. Осы раундтың Келісімдеріне пакеті Марракеште (Мароккода)1994 жылғы сәуір айында қол қойылған.

1995 жылғы 1 қаңтарынан әрекетін бастаған Дүниежүзілік сауда ұйымы мекемесі, сонымен қатар кейін ДСҰ құқықтық базасының негізін құрған, Бірқатаркелісімдерді қабылдау Уругвай раундының негізгі жетістігі болды.

Сүйтіп, ДСҰ – дискриминацияламау, еркін сауда және ашықтығы принциптерінің негізінде әрекет жасайтын, осы ұйымның қатысушы–мемлекеттері арасында көп жақты халықаралық сауда ережелерін өндіруге жасалған халықаралық ұйым. Көп жақты келіссөздер нәтижесінде қатысушы–мемлекеттері қол қойған және осы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланған көптеген келісімдер ДСҰ негізі болып табылады. ДСҰ Келісімдері – бұл әрекеттің кең шеңберін қамтитын құқықтық құжаттар: ауыл шаруашылығы, тоқыма және киім, банк секторы, телекоммуникациялар, үкіметтік сатып алулар, азық–түліктердің қауіпсіздігі, зияткерлік меншікжәне басқа мәселелер.

 

 

ДСҰ мақсаттары

1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің екінші тарауында ұйымның негізгі мақсаты көрсетіледі – ДСҰ мүше-елдері халықтарының әл-ауқаттарын жоғарлату, бұл өмір деңгейін жоғарлату, толық қамтылуға қол жеткізу, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарлауы және үнемі өсуі.

Қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін ДСҰ мүше-елдері «еркін сауда» құруға, яғни сауда ағындарын ырықтандыруға және өзара пайдалы келісімдерді құруға мақсатталған, келіссөздерді өткізу арқылы тауарлармен жіне қызметтермен өндіріс және сауда көлемдерін көбейтуіне кірісті.

Сонымен қатар Келісімнің кіріспе бөлімі, дамып жатқан елдің халықаралық сауданың өсуінде, олардың экономикалық дамуына сәйкес келетін үлес алған негізінен аса кем дамыған елдерге бағытталған кейінгі күштерге қажеттілігін мойындайды.

ДСҰ міндеттері

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің 3-бабы төмендегілер болып табылатын ДСҰ міндеттерін тізімдейді:

  • Көп жақты сауда келісімдерін реттеу және жүзеге асыру;
  • Форум түрінде сауда келіссөздерін өткізу;
  • Сауда дауларды шешуде Дауларды шешу ережелері мен процедуралары туралы келісімдіктерді қолдану;
  • ДСҰ қатысушы-елдердің Сауда саясатын қайта қарастыру механизмін  қолдану;
  • ДСҰ қатысушы-мемлекеттердің басқа халықаралық ұйымдарымен өзара әрекеті.
Акорда Парламент Премьер-Министр Стратегия 2050 Послание Президента
Left Arrow Right Arrow