Лаңкестер жаңа жыл қарсаңында Каирде теракт жасады
29 Декабря 2018, 13:00 1331

Лаңкестер жаңа жыл қарсаңында Каирде теракт жасады

Ведомстваның мәліметінше, жергілікті уақытпен сағат 18.15-те Гиза пирамидасы маңындағы Эль-Марьютия көшесі бойында кетіп бара жатқан вьетнамдық туристердің автобусы жол жиегіне қойылған қолдан жасалған жарылғыштан зардап шеккен. Нәтижесінде екі турист, гид және жүргізуші қаза болған.

Елдің премьер-министрі Мустафа Мадбули бұл оқиғаны өз бақылауына алып, ауруханаға түскен зардап шегушілердің жағдайын біліп қайтты. Екі туристтің жағдайы өте ауыр, дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

Оның айтуынша, туристік топтардың барлық автобусы күштік құрылымдар бақылауындағы маршрутты қатаң сақтауда. Алайда бұл автобус өз бағытынан ауытқып кетуі мүмкін деген пайымын білдірді.

Сізден жаңалық