Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан
29 Декабря 2018, 14:00 1514

Үндістанда ер адамның көзінен қанды жас аққан

22 жастағы ер адам Үндістанның Порт-Блэр қаласында орналасқан медициналық институтқа келген. Оның көздерінен екі рет қанды жас аққан соң, үндіс дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қан ағуы мен тоқтауы еш себепсіз күрт орын алған.

Мамандар көптеген тестілер мен зерттеулер жүргізіп, ер адамның толық сау екеніне көз жеткізген. Негізінен, қанның ұюы мен капилляр беріктігі тексерілген.

Нәтижесінде, оған "гемолакрия" деген лиагноз қойылған. Бұл жас қанмен араласып ағатын өте сирек кездесетін жағдай. Нақты себебі анықталмаған.

Сізден жаңалық