Алматы тауларында адасып кеткен шетелдік табылды
29 Декабря 2018, 09:56 1154

Алматы тауларында адасып кеткен шетелдік табылды

«Ресейлікті орманшы тапты, оны іздеуге құтқарушылар тобы шыққан болатын», -деді ТЖК.

Ресей азаматы Михаил Шабалин 28 желтоқсан күні таңертең тауға кеткен. Жақындарының айтуынша, ол Фурманов атындағы шыңға шықпақшы болған. Кешке қарай ол отбасына хабарласып, адасып кеткендігін айтқан. Одан кейін телефоны өшіп қалған.

Сізден жаңалық