Астанада мереке күндері автобустар саны артады 
30 Декабря 2018, 13:27 2497

Астанада мереке күндері автобустар саны артады 

«Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны артады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады», - делінген Astana LRT компаниясының хабарламасында.

Осылайша, №№ 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.

Сізден жаңалық