Жылдың соңғы күніне ауа райы болжамы
31 Декабря 2018, 09:31 4468

Жылдың соңғы күніне ауа райы болжамы

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, ақжорға жүреді.

Сізден жаңалық