Қызылордалықтардың 19 % «қиналғанда» пара беретін болып шықты
30 Декабря 2018, 10:07 2298

Қызылордалықтардың 19 % «қиналғанда» пара беретін болып шықты

«Сыр медиа» ЖШС-нің Ақпараттық талдау орталығы қызылордалық тұрғындардың сыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің БАҚ өкілдерімен өткізілген брифинг барысында белгілі болды.

«Әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтінін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артып отыр», - деді баспасөз брифигінде Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Байхожаев.

Дегенмен де тұрғындардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірген.

Ал, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша жүргізген әлеуметтік зерттеуіне қатысқан қызылордалықтардың 94,5 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірсе, респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегенін айтқан.

Сізден жаңалық