Мереке күні Өскемен автобустарында тәтті сыйлықтар таратылады
29 Декабря 2018, 17:31 1797

Мереке күні Өскемен автобустарында тәтті сыйлықтар таратылады

"Өскемен жолаушылар тасымалы" ЖШС директоры Ернар Мұстафиннің айтуынша, фирма қызметкерлері Аяз ата және Ақшақар болып киініп салонға кіріп, адамдарды құттықтайды.

«Өлең айтып немесе басқада жолаушыларды құттықтай білген белсенді жолаушылар ертегі кейіпкерлерінің тәтті сыйлықтарына ие болады», - дейді ол.

Жаңажылдық шара 31 желтоқсан күні №7, №47, №10, №26, №38 автобустарда өтеді. Құттықтауға үш Аяз ата мен үш Ақшақар шығады екен.
Айта кетейік, "Марат М" компаниясының қала тұрғындарын қуантуы биыл бірінші жыл емес. Осыдан екі апта бұрын компания тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай әрбір 27-ші жолаушыға тегін жүруге мүмкіндік берген.

Сізден жаңалық