Каспийде броконьерлер ұсталды
29 Декабря 2018, 18:16 1940

Каспийде броконьерлер ұсталды

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының шекара кораблінің жауынгерлік кезекшілікті барысында, 23 сағат 45 минутта "Байда" типіндегі шағын қайық анықталып, ізіне түсу жұмыстары басталды.

Шағын қайықты тоқтату мақсатында Қазақстан Республикасының "ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңына сәйкес ату қаруы қолданылды.

Қару қолдану кезінде бұзушылардың біреуі оң жақ иығынан жанама жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. 2018 жылғы 29 желтоқсанда 00 сағат 10 минутта шағын қайық ұсталды. Қайықта 4 адам. Әзірбайжан Республикасының азаматтарының сөзіне қарағанда 40 дана асыл тұқымды балығы, 10 жәшік броконьерлік балық аулау және спутниктік байланыс құралдары мен навигациялар қолға түсірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сізден жаңалық