Элизабет Тұрсынбаева өз жаттықтырушысын ауыстырды
29 Декабря 2018, 14:15 5113

Элизабет Тұрсынбаева өз жаттықтырушысын ауыстырды

Элизабет Тұрсынбаева бұл жаңалықпен Қызылордаға сапары кезінде бөлісті. Қазақстандық спортшы Тутберидземен 2012-2013 жылдары бірге жұмыс жасаған болатын. Бірақ, соңғы бес жылда оны канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырған болатын.

"Енді Этери Тутберидземен жұмыс жасайтын боламын. Алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. 2019 жылы 4-10 ақпанда АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін Төрт континент чемпионатында өнер көрсетемін. Одан соң, 2-12 наурыз аралығында ресейлік Красноярда студенттер арасындағы Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Сондай-ақ, 18-24 наурызда Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты тағы бар. Қазір осы жарыстарға дайындық үстіндемін, - деді Тұрсынбаева.

Сізден жаңалық