Нокаутшы Батыр Жүкембаев алдағы жоспарымен бөлісті
29 Декабря 2018, 10:45 1228

Нокаутшы Батыр Жүкембаев алдағы жоспарымен бөлісті

Мұның алдында Жүкембаев жартылай орта дивизионға өтуді қарастырып жатқаны туралы хабарланған еді. Дегенімен шетелдік сарапшы Жүкембаевқа салмақ ауыстырудың қаупін айтқан еді.

"Биылғы басты мақсат - АҚШ-та жекпе-жек өткізу. Бұл карьераны дамытуға үлкен серпіліс екенін түсінеміз. Сонымен бірге титулды жекпе-жек өткіземіз деген жоспар бар. Ол үшін бір-екі тәжірибелі және салмақты қарсыласпен жұдырықтасу қажет. Осыдан кейін ТОП боксшымен кездесуге болады. Маған өз салмағымда жайлы. Рингте WBC чемпионы Хосе Карлос Рамирес, WBA чемпионы Кирилл Реллих және WBO белбеуінің иегері Морис Хукермен жұдырықтасқым келеді. Үш салмақ дәрежесіндегі чемпион Хорке Линареспен күш сынасу ерекше қызығушылық тудырады", - деп атап өтті Жүкембаев.

Сізден жаңалық