Қазақстанда үштілді білімді енгізу – бұл уақыт талабы, деді «Нұр Отан» партиясының ақпараттық-насихат тобының мүшесі, академик, философия ғылымдарының докторы Қазыбек Қазкенов.
«Бүгінгі таңда үш тілділік менің түсінігімше 21 ғасырдың жас азаматтарының параметр моделі. Бұл біріншіден – еңбек, еңбексүйгіштік, шығармашылық, ғылым мен білім. Егер сен, жоғары дәрежелі инженер болғың келсе, онда білім мен ғылымды білуің керек. Бұл жерде ең бастысы сен үш тілді меңгеруің қажет. Қазақ тілінің дауына арнайы бағдарламалар бар, дамып жатыр. Орыс тілі – бұл тарихи байланысымыз бар 600 млн адам. Ал, ағылшын тілі – бұл айтпаса да түсінікті. Билл Гейтс, ғарышкер, нобель сыйлығының лауераты болғың келе ме – ендеше, 95% әлемдегі ақпарат ағылшын тілінде. Университеттер мен колледждерде математика, физика, биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселесі бекер көтеріліп отырған жоқ. Бұл заман талабы. Біз үш тілді меңгеруіміз қажет», - деп атап өтті Қ.Қазкенов.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамына сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015-2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамыту Жол к

Акорда Парламент Премьер-Министр Стратегия 2050 Послание Президента
Left Arrow Right Arrow