ОҚО әкімдігінде облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда «Жергілікті полиция қызметінің» басшысы Б.Аблаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға есеп берді. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Д.Сатыбалды, Қоғамдық кеңес мүшелері, Жергілікті полиция және облыс әкімдігінің басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Балтабек Аблаевтың айтуынша, жаңа құрылымға енген 2827 маман түгелдей қайта тағайындаудан өткен. Аталған қызмет жұмысын бастағалы қоғамдық орындарда жасалған қылмысты ашу 125 пайызға артып, «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша анықталған құқықбұзушылықтар 94,3 пайызға көбейіпті. Ал кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыс саны 139-дан 97-ге төмендеген.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашының есебіне байланысты сұрақ қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес отырыс нәтижесі бойынша қарар қабылданды. Оған мәжіліс барасында айтылған ұсыныстар енгізілді.
"Нұрлы Жол" Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады
Нұрсұлтан Назарбаев